2013 жылы мембағдарламаларды жүзеге асыру кезінде заң бұзудан келген сома қанша болды? - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2013 жылы мембағдарламаларды жүзеге асыру кезінде заң бұзудан келген сома қанша болды?

2013 жылы мембағдарламаларды жүзеге асыру кезінде заң бұзудан келген сома қанша болды?

Қаржы полициясы 2013 жылдың басынан бері мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жасалған бірнеше жүздеген жемқорлық қылмысты анықтады.

  • 15 Қараша 2013
  • 338
Фото - Caravan.kz

«Қаржы полициясы органдарының алдыңғы қатарлы тапсырмаларының бірі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлінетін бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалану фактілерінің жолын кесу болып табылады», — деп Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукин бүгін Астанада «Жемқорлыққа қарсы тұру және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл он ай ішінде «Ақ бұлақ», «Жол картасы», «Жұмыспен қамту картасы», Тұрғын үй құрылысы, агробизнес және т.б. бағдарламалар орындау кезінде орын алған 264 жемқорлық қылмыс анықталған.


Жалпы алғанда мемлекетке 6 млрд теңгеден астам зиян келтірілген.