Соттық сараптама институтының қызметкерлері қорытынды шығару үшін пара алған - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соттық сараптама институтының қызметкерлері қорытынды шығару үшін пара алған

Соттық сараптама институтының қызметкерлері қорытынды шығару үшін пара алған

Оңтүстік Қазақстан облысында соттық сараптама институтының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

  • 15 Қараша 2013
  • 773
Фото - Caravan.kz

Бұл мекеме басшысының орынбасары мен аға сарапшы «Азат және К» және «Шымкентстрой» ЖШС басшыларынан 675 мың теңге алды деген күдікпен ұсталды, делінген Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бүгінгі хабарламсында мәлімделген.

Қаржы полициясының мәліметі бойынша, шенеуніктерге Ақтас ауылында мектеп құрылысы және облыс орталығындағы ықшам аудандардың бірінде көп қабатты екі үй бойынша соттық сараптаманың оң қорытындысын шығару үшін ақша берілген.