Қазақстан 2013 жылы көбірек мақта жинады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2013 жылы көбірек мақта жинады

Қазақстан 2013 жылы көбірек мақта жинады

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта жинау науқаны аяқталды.

  • 15 Қараша 2013
  • 707
Фото - Caravan.kz

"Облыста мақта жинау аяқталды, 383 мың тонна жиналды", деп хабарлады жұмада журналистерге облыстық ауыл шаруашылық басқармасының жетекшісі Қанатбек Оспанбеков.

Оның деректеріне қарағанда, биыл мақта 140 мың гектар жерге өсіріліпті. Қазіргі заманға лайық агротехника мен сапалы дәнді пайдаланудың арқасында орташа өнімділік 27,5 ц/га құраған, өткен жылғысы 26,2 ц/га болатын.

ОҚО республикада мақта -шикізаты өсірілетін жалғыз аумақ.


Өткен жылы 147,8 мың гектардан 379,7 мың тонна мақта-шикізаты жиналған болатын.