Семейде пәтерінде қамалып қалған 70 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде пәтерінде қамалып қалған 70 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды

Семейде пәтерінде қамалып қалған 70 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды

Семейде бір күнде үш бірдей зейнеткер өз пәтерінде қамалып қалды. Егде тартқандардың екеуі аман шыққанымен, қарттардың тағы бірі құтқарушылар келіп жеткенше көз жұмған.

  • 16 Қараша 2013
  • 296
Фото - Caravan.kz


Есікті бұзып кірген мамандар еденде жатқан 70 жастағы зейнеткердің мәйітін тапқан. Екі күн бойы жақындары телефон шалып, жауап ала алмаған соң,  құтқарушыларды шақырыпты. Дегенмен, асүйдің ішінде омақаса құлаған зейнеткер бірден мерт болған. Туыстары дабыл қаққан тағы біреуі абырой болғанда аман қалды. Үй ішінде тайып құлаған қарт қайтып көтеріле алмапты. Ал тағы бір көпқабатты үйде пәтердің құлпы бұзылып, іштегі ата мен әже екі күн тысқа шыға алмай қиналған. Оларды алып шығу үшін құтқарушыларға терезе арқылы кіруге тура келді.