Орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің бастығы парамен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің бастығы парамен ұсталды

Орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің бастығы парамен ұсталды

Ағасының артынан інісі де жемқор атанды. Павлодар облысында Орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің бастығы парамен ұсталды. Тасан Садықов қорықшының орнын саудалаған. Кеше ғана қаржы полициясы оның ағасы, Павлодар қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы  Ақан Садықовты 150 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталған болатын.

  • 16 Қараша 2013
  • 450
Фото - Caravan.kz


Осылайша жасы елуді еңсеріп қалған Тасан Садықов қорықшы қызметіне орналастырам деген уәдемен 100 мың теңге алған. Ештеңеден сезіктенбесе керек, алған ақшасын төс қалтасына тығып қойыпты. Қазір парақор шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал, делдалдық жасады деген сыбайласы алты миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттелді. Айта кетсек, күні кеше ғана Тасанның туысы Ақан Садықов та парамен ұсталған болатын.