«Олардың біреуін жолдан тоқтатқан көлікке отырғызып жібердік, екіншісін апаттар медицинасының мамандары ауруханаға алып кетті», — деді Маңғыстау облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басқармасының бастығы, жедел кезекші капитан Назарәлі Селимов.
Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысында ірі апат орын алған болатын: мұнай тиелген 10 вагоннан асатын теміржол құрамы бензин тасымалдағыш көлікпен соқтығысты. Оқиға «Маңғыстау-5» елді мекенінің маңындағы Баянды ауылының жанында орын алды.