БҰҰ Қазан қаласындағы әуе апатына байланысты көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Қазан қаласындағы әуе апатына байланысты көңіл айтты

БҰҰ Қазан қаласындағы әуе апатына байланысты көңіл айтты

БҰҰ хатшылығы Қазан қаласында Boeing-737 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

  • 18 Қараша 2013
  • 322
Фото - Caravan.kz


«Біз жақындарынан айырылған отбасыларына көңіл айтамыз», — делінген БҰҰ бас хатшылығы ресми өкілінің орынбасары Фархан Хактың сөзінде.

Осыған дейін хабарланғандай, 17 қараша күні Домодедоводан 18:25-те ұшып шыққан «Татарстан» әуе компаниясының Boeing-737 жолаушылар ұшағы Қазан әуежайына қонған кезінде апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 50 адам болған — 44 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі. Олардың барлығы опат болды, деп хабарлады Росбалт.