Австралияның арнайы қызметі Индонезия президенті мен оның қасындағыларды ұялы телефондары арқылы тыңшылық жасаған - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австралияның арнайы қызметі Индонезия президенті мен оның қасындағыларды ұялы телефондары арқылы тыңшылық жасаған

Австралияның арнайы қызметі Индонезия президенті мен оның қасындағыларды ұялы телефондары арқылы тыңшылық жасаған

Австралияның барлау қызметі Индонезия президенті Сусило Бамбанг Йодхойоно мен оның маңында жүрген бірнеше адамның телефонын тыңдамақ болған. Бұл туралы бүгін британдық «Гардиан» газеті мен авcтралиялық Эй-Би-Си телерадиокомпаниясы мәлімдеді.

  • 18 Қараша 2013
  • 403
Фото - Caravan.kz

АҚШ ЦРУ бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнен алған мәліметтер негізінде австралиялық электрондық барлау қызметі 2009 жылы тамыз айында 15 күн бойы С.Йодхойононың ұялы телефонының белсенділігін тіркеген.

Президенттің телефонымен қатар оның зайыбының, Индонезияның бұрынғы вице-президентінің, СІМ баспасөз хатшысының, қауіпсіздік министрі мен ақпарат министрінің телефондары да тыңдалған.