Жеделхатта мемлекет басшысы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағаны туралы қаралы хабар қабырғасын қайыстырғанын атап өтті, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
«Бұл қасірет күйзелтіп кетті. Ресей федерациясы халқының қайғысына ортақпын», — делінген жеделхатта.
Сонымен қатар, Н.Назарбаев осы апатта ұлы Иректен айырылған Р.Миннихановқа да жеделхат жолдады.
Жеделхатта: «Қазақстан халқы мен өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасыларына, жақын-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», делінген.