Қалалық Қаржы полициясы департаментінің хабарлауынша, 1978 және 1974 жылы туылған азаматтар ЖШС құрылтайшыларының бірін қорқытып-үркітіп, қала сыртына алып кеткен.
«Олар ЖШС жарғылық капиталының жартысын заңсыз жолмен иеленген. Тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, ЖШС, оның қарамағындағы жылжымайтын мүлік нысандарының нарықтық құны 81 млн теңгеге жуықтайды», — делінген хабарламада.
Күдіктілер оқшаулағышқа тоғытылып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.