Әскери бөлімше қызметкері оқ-дәрі ұрлады деген күдікпен құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскери бөлімше қызметкері оқ-дәрі ұрлады деген күдікпен құрықталды

Әскери бөлімше қызметкері оқ-дәрі ұрлады деген күдікпен құрықталды

Алматы облысының Үшарал қаласында оқ-дәрі ұрлап, сатты деген күдікпен №40398 әскери бөлімше қызметкері қамауға алынды.

  • 18 Қараша 2013
  • 760
Фото - Caravan.kz

ІІМ тергеу комитетінің хабарлауынша, іс Қылмыстық кодекстің 255-ші және 251-ші баптары бойынша қозғалып отыр.

Әскери қамтамасыз ету бөлімі бастығы болып қызмет істейтін азамат оқу-жаттығулар кезінде оқ-дәрі ұрлаумен айналысқан көрінеді.

«Ол 5,45 мм 210 дана оқты 30 мың теңгеге сату барысында қолға түсті», — делінген хабарламада.


Тергеу аяқталып, іс материалдары әскери сотқа жөнелтілді.