Алматының Орталық саябағында 2 мыңнан астам ағаш шабылады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының Орталық саябағында 2 мыңнан астам ағаш шабылады

Алматының Орталық саябағында 2 мыңнан астам ағаш шабылады

 Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында 2 мың данадан астам ағаш шабылады. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Қараша 2013
  • 951
Фото - Caravan.kz

«Парк мемлекет меншігіне қайтарылғаннан кейін салалық басқарма дендрологиялық сараптама жүргізді. Нәтижесінде саябақтағы екі мың данадан астам ағаштың қартайғаны, ауруға шалдығып, шірігені белгілі болды. Қазір саябақ сондай ағаштардан тездетіп тазартылады», — делінген хабарламада.

«Саябақ стандарттарына сүйенсек, ағаштар әр 15-20 жыл сайын түгелдей ауыстырылып отыруы керек. Әр ағаш бес жыл сайын бұталуы тиіс», — дейді Көшет материалдарын өндірушілер қауымдастығының президенті Ирина Савватеева.

Қала билігі саябақ аумағын құлау алдында тұрған ағаштардан тазартқаннан кейін, төңіректегі сауда нүктелерін ретке келтірмек. СОнымен қатар, заңсыз қызмет түрлерін жойып, навигация қызметін жолға қою көзделіп отыр.


Желтоқсан айында саябақтың тұжырымдамасы мен техника-экономикалық негіздемесін әзірлеушілер арасында байқау жарияланады. Байқау жеңімпазы 2014 жылы анықталуы тиіс.