«Қылмыстық іс қозғалды. Бензовоз жүргізушісі күзетілмейтін темір жол өткелін кесіп өтудің барлық тәртібін белден басқан және тым өрескел бұзған», — деді ол дүйсенбі күні журналистерге.
Өткен сенбі күні болған апат салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам жарақат алған.
Апат соңы өртке ұласып, 1000 шаршы метр аумақ өртеніп кетті. Сонымен қатар, темір жолдың 215 метрге жуық бөлігі қирап, тепловоз бен мұнай құйылған 10 цистерна жанып кеткен.