Қазан түбінде апатқа ұшыраған «Боинг» ұшағының қара жәшіктері табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазан түбінде апатқа ұшыраған «Боинг» ұшағының қара жәшіктері табылды

Қазан түбінде апатқа ұшыраған «Боинг» ұшағының қара жәшіктері табылды

Қазан түбінде апатқа ұшыраған ұшақтың «қара жәшіктері» табылды. Бұл туралы Мемлекет аралық авиация комитетінің төрағасы Татьяна Анодина мәлім етті.

  • 18 Қараша 2013
  • 494
Фото - Caravan.kz


«Борттағы «қара жәшіктердің» екеуі де табылды. Оның жай-күйі туралы әзірге ештеңе айта алмаймыз» — деді ол дүйсенбі күні үкіметтік комиссия отырысында.

Т.Анодинаның айтуынша, жәшіктер жуырда сараптамаға беріледі. Апат себептері содан кейін белгілі болмақ. «Олар жуырда біздің Мәскеудегі орталығымызға жеткізіліп, сол жерде зерттеледі», — деді Т.Анодина.