«Жөні түзу сауда орталықтарын ашып, бытыраңқы базарларды жабу керек. Бұл көлеңкелі экономика. Ол аздай мұнда өрт қауіпсіздігі мен санитарлық талаптар сақталмайды, автокөлік кептілісі туындайды», — деді ол журналистерге сенаторлармен кездесуден кейін.
В.Божко депутаттармен кездесуде «мұндай базарлардың экономикалық жағдай төмен заманда салынғанын» атап өтті.
«Қазір әкімдік тәртіп орнату шараларын қарастырып жатыр. Бірақ, бұл әлеуметтік мәселе. Адамдарды қайда жібереміз? Оларды орналастыра қоятын инфрақұрылым да жоқ. Біз оларды далаға тастай алмаймыз ғой. Бұл әлеуметтік наразылық тудыратын мәселе», — деді ол.
«Бірқатар кәсіпкерлердің қолында тауардың құжаттары да жоқ. Сондықтан базарға жұмысқа шықпас бұрын адамдар сауда нысанының құрылтайшысымен келісімшартқа отыруы тиіс. Ол өрт қауіпсіздігі үшін жауап беруі тиіс (…). Өртеніп кететін жерге несиеге алған ақшаны салуға болмайды», — деді ТЖМ басшысы.