Татарстандағы әуе апатынан құрбан болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Татарстандағы әуе апатынан құрбан болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Татарстандағы әуе апатынан құрбан болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ

 Қазан халықаралық әуежайында болған апат құрбандарының тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ.

  • 18 Қараша 2013
  • 546
Фото - Caravan.kz

«Қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, сіздерді қаза болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ деп сендіре аламын», — деп дүйсенбідегі брифингте президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбиболлаев мәлім етті.

«Әртүрлі дерек көздерінде аты аталған Теміртау қаласында туған ер адам Ресей Федерациясының азаматы болып табылады», — деп атап өтті ол.


Жексенбі күні кешқұрым болған жол апатында 44 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі мерт болды.