Премьер-министр ТМД үкімет басшылары кеңесінің Санкт-Петербургте өтетін кезекті отырысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр ТМД үкімет басшылары кеңесінің Санкт-Петербургте өтетін кезекті отырысына қатысады

Премьер-министр ТМД үкімет басшылары кеңесінің Санкт-Петербургте өтетін кезекті отырысына қатысады

 Премьер-министр Серік Ахметов қарашаның жиырмасында ТМД Үкімет басшылары кеңесінің Санкт-Петербургте өтетін кезекті отырысына қатысады. Бұл туралы дүйсенбідегі брифингте Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбиболлаев мәлім етті.

  • 18 Қараша 2013
  • 421
Фото - Caravan.kz


Отырыста сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттыру, энергетика және қаражат мәселелері талқыланады деп жоспарланған.

Отырыс қорытындысы бойынша көптеген көп жақты құжаттарға қол қойылмақ. Сонымен қатар, Қазақстан премьері ТМД-дағы әріптестерімен екі жақты кездесулер өткізеді, деді А.Әбиболлаев.