Қазақстанның елу шақты мәдениет қайраткері мемлекеттік стипендия иегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның елу шақты мәдениет қайраткері мемлекеттік стипендия иегері атанды

Қазақстанның елу шақты мәдениет қайраткері мемлекеттік стипендия иегері атанды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың мемлекеттік стипендияларын беру туралы жарлыққа қол қойды.

  • 18 Қараша 2013
  • 1159
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, стипендияларға бірқатар әдебиет және өнер қайраткерлері ие болды.

Олардың қатарында ақын Күләш Ахметова, драматург Ахметжан Әшіров, жазушы-киносценарист, өнертанушы Таласбек Әсемқұлов, жазушы Мархабат Байғұт, ақын Ақұштап Бақтыгереева, ақын Жәркен Бөдешұлы, сыншы-әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек, ақын Есенқұл Жақыпбеков, ақын Ерлан Жүнісов, ақын Нұртас Исабаев, жазушы Айүл Кемелбаева, жазушы Мағира Қожахметова, ақын Рахат Қосбармақов, ақын Жұмабай Құлиев, жазушы Шәрбану Құмарова, стипендияны сыншы Амангелді Мырзабек, ақын Рафаэль Ниязбеков, жазушы Тынымбай Нұрмағанбетов, сатирик-жазушы Мыңбай Рәш, ақын Алмас Темірбаев, ақын Надежда Чернова, сыншы Тұрсынжан Шапай сынды қайраткерлер бар.

Өнер қайраткерлерінің арасында актер Берік Айтжанов, музыкатанушы Юрий Аравин, актер Жұмахан Әбдіқадыров, актриса Ғазиза Әбдінәбиева, әнші Құрманбек Әлімғазыұлы, актриса, Қазақстанның халық әртісі Гүлжаһан Әспетова, домбырашы Нүркен Әшіров, балет солисті Мәдина Басбаева, скрипкашы Әміржан Бисенғалиев, актриса Анар Бөкенбай, балет солисті Тайыр Ғатауов, актер Юрий Гнусарев, дирижер Дәурен Ғылымов, цирк әртісі Әлия Досбатырова сынды майталмандар мемлекеттік сыйлыққа лайық деп танылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік стипендия киноактриса Гүлнар Досматова, әнші Тамара Асар, домбырашы Жанғали Жүзбай, актриса Баян Имашева, актриса Райхан Қалиолдина, актриса Елена Ломоносова-Стаценко, суретші Алмас Мұстафаев, опера солисті Айгүл Ниязова, актриса Меруерт Өтекешева, әнші Досымжан Таңатаров, режиссер Болат Ұзақов, опера солисті Дина Хамзина, әнші Медет Шотабаев, әнші Еркін Шүкімановқа берілді.