Семейде Таиланд, Филиппин елдерінде өмір сүретін ерекше жәндіктер көрмесі өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде Таиланд, Филиппин елдерінде өмір сүретін ерекше жәндіктер көрмесі өтуде

Семейде Таиланд, Филиппин елдерінде өмір сүретін ерекше жәндіктер көрмесі өтуде

Семейде тропикалық көбелектер көрмесі өтуде. Таиланд, Филиппин сияқты елдерде ғана өмір сүретін ерекше жәндіктерді шығыстағы шаһардың тұрғындары да тұңғыш рет тамашалауға мүмкіндік алды.

  • 19 Қараша 2013
  • 304
Фото - Caravan.kz


Көрмеге арналған бөлменің ішінде тропикалық атмосфера жасалып, ауаны ылғалдататын арнайы құрылғылар орнатылған. Мұндағы сан түрлі жәндіктердің ішінде көбелектің «Жыланның басы» деп аталатын түрін келушілер ерекше ықыласпен тамашалады. Небары жеті күн тіршілік ететін бұл жәндік мүлде нәр татпайды екен. Соған қарамастан өзінің жұбын 10 шақырым жерден сезетін қабілеті бар.