Жемқорлыққа өлеңмен тосқауыл қоюға арналған байқауға аз да болса ақындық қабілеті бар әркім де қатыса алады делінген байқау ережесінде. Сондықтан өскемендік Вячеслав Ветлугин бұрын соңды өлең жазбаса да, өзін сынап көргісі келіпті.
Вячеслав Ветлугин, Өскемен қаласының тұрғыны:
—Теңге украл но невдомек,
Что будет все таки урок.
Коррупцию разоблачить,
И государство залечить.
Байқаудың басталғанын қалалық әкімдіктегілер арнайы сайтта жариялаған. Естіп-білгендердің көбі оған қатысуға ниет білдіріпті. Тамырын тереңге жайған дертпен осылайша күресуден өзге амалы қалмаған шенеуніктер болса бұған қуанып отыр.
Лариса Поломошнова, Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметкері:
— Қазір параны бәрі алады. Дәрігер, ұстаз, журналист, керек десеңіз тіпті даяшылар да. Сондықтан бұл өлеңдер тікелей шенеуніктерге қатысты дегенге өз басым келіспейм.
Өлең деген дүние ғой киелі,
Жемқорлыққа бір сойылды сілтесең,
Бар жақ басы билікке барып тиеді.
Ал талай бойы жыр жарысының жеңімпазы болған, айтыскер ақын Серік Құсанбаев, бұл бәйгеге қатыспауға бел буған. Бір реттік науқанның қоғамдық дерттен сауықтыруға септігі тиеріне күмәнмен қарайды.
Серік Құсанбаев, ақын, журналист:
— Белгілі бір уақытта ғана науқан қылмай бұл мәселні поэзия тілімен тосқауыл, соққы берем десе айтыс ұйымдастыруларына болар еді.
Ұйымдастырушылар байқау жеңімпаздарының өлеңдерін қоғамдық көліктер мен көшедегі баннерлерге орнатуды жоспарлауда. Жыл аяғында қорытындысы шығатын жарысқа осы жолы он адам қатысты.