Енді мұның барлығын тәртіп сақшыларының қысымына шыдамай айттым деп отыр. Айыпталушы жауабын адвокатымен кездескен соң аяқасты өзгерткен. Бахаревтың нағыз қылмыскер екеніне марқұмның жақындары да сенбейді. 20 жастағы күдікті ақыл-есінің кемдігі бар болғандықтан, арнайы мектепте оқыған екен. Сол оқи да, жаза да алмайтынын пайдаланды дейді адвокаты. Естеріңізге салсақ, 14 жасар қыз із-түзсіз жоғалып, мәйіті тек екі аптадан кейін үйінің жанынан табылған болатын. Қаскөй оқушыны өлтірер алдында зорлаған. Ал басты күдікті ретінде ұсталған ауылдасы енді алдыңғы жауаптарынан айнып отыр.
Бауыржан Азанов, адвокат:
– Айтқан түсініктемелерінің бәрінен бас тарып отыр. Қазіргі жайында қылмысты істемегендіктен дейді. Қылмысқа оның ешқандай шатағы жоқ. Ол жерде оны қысым болғандықтан мойындап отыр деп өзі айтып отыр ауызша.