Айтыс мүшәйрасы Лебяжі ауданында өтіп, облыс бойынша 14 жас ақын қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Ұлттық құндылығымызды насихаттаушы ақындарымыз С. Торайғыровтың өмірі мен өнері, шығармашылығы мен батылдығын жырға қосып, жарыса жырлады.
Бас жүлдені Павлодар ауданынан Оразбек Саяхат қанжығасына байлады. Баянауылдық Базарбай Азамат 3-орынға, аққулық Жанбау Марғұлан 2-орынға, Павлодар қаласынан Қайролла Хафиз 1-орынға ие болды.