«Жылдың үздік психологы» республикалық байқауы - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жылдың үздік психологы» республикалық байқауы

«Жылдың үздік психологы» республикалық байқауы

Алматы қаласындағы «Алатау» жипажайында еңбек өтілі 3 жылға дейінгі, 3-тен 7 жылға дейін, 7 жыл және одан да көп психологтар арасында «Жылдың үздік психологы» атты республикалық конкурс өтті.

  • 19 Қараша 2013
  • 1584
Фото - Caravan.kz

Павлодар облысының атынан облыстық байқаудың жеңімпазы атанған 6 психолог қатысып, өңір намысын қорғады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Байқауда психологтар берілген тақырыпқа эссе жазып, өздерін таныстырды, авторлық бағдарламаларымен таныстырып, психологиялық-педагогикалық жағдайларды шешу жолдарын ұсынды.

Конкурс қорытындысы бойынша павлодарлық психологтар «Ең үздік психолог», «Шеберлік қобдишасы», «Ең үздік практикалық іс-шара» және «Шебер психолог» аталымдары бойынша грамоталармен марапатталды.