Зардап шегуші Облыстық ішкі істер департаментінің үстінен арыз түсірген болатын. 2007 жылы тәртіп сақшылары оны ешқандай себепсіз тәулік бойы қамауда ұстаған. Құқық қорғаушылар оның адвокат пен дәрігердің жәрдеміне жүгінуіне мүмкіндік бермеген. Зардап шегуші дер кезінде тиісті орындарға арызданып, полицейлерді жазаға тартуды өтінеді. Нәтиже болмаған соң, БҰҰ-ның комитетіне хат жолдаған. Беделді ұйым «адам құқығы тапталды» деген ұйғарым жасады.
«Азамат А. Герасимов қалалық сотқа Қостанай облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік мекемесінен 21 млн. теңге өндіріп алу туралы арызбен жүгінген. 18 қарашада Герасимовтың пайдасына 2 млн. теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды», — деді қалалық соттың бас маманы С. Ержанов.