Үкімет басшысы: жерлерді өздігінен басып алу төтенше жағдай деп есептелсін - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы: жерлерді өздігінен басып алу төтенше жағдай деп есептелсін

Үкімет басшысы: жерлерді өздігінен басып алу төтенше жағдай деп есептелсін

Үкімет басшысы Серік Ахметов әкімдерге жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген иесіз жерлерді қайтару және жерлерді өздігінен басып алуға жол бермеу жұмысын жүргізу бойынша тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

  • 19 Қараша 2013
  • 437
Фото - Caravan.kz

«Жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген иесіз жерлерді қайтару бойынша тиімді шаралар қабылданып, өздігінен жерлерді басып алуға жол бермеу жұмысын жалғастырылсын. Өздігінен басып алу төтенше жағдайға жатқызылсын, әрқайсысы, әсіресе біздің оңтүстік және солтүстік астаналарымыз, осы мәселеге қырағы болсын», — деп С.Ахметов бүгін үкімет отырысында атап көрсетті.

Ол әкімдерге тоқсан сайын істеген жұмыстары туралы есеп беруді міндеттеді.


Премьер тиімсіз пайдаланылған жерлер экономикаға тартыслын, сондықтан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша барлық деңгей әкімдерін үлкен іс күтіп тұрғанын айтады.