Нанобөлшектер бедеуліктің емін тауып беретін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нанобөлшектер бедеуліктің емін тауып беретін болды

Нанобөлшектер бедеуліктің емін тауып беретін болды

Ғалымдар аталық ұрыққа нанобөлшектерді бекітуге қол жеткізді.

  • 19 Қараша 2013
  • 1428
Фото - Caravan.kz


Бұл — бедеулікті анықтап, жұмыртқа жасушасына дәрі жеткізу үшін қолға алынып отырған әдіс.

Бұл жайлы Ria.ru хабарлайды. Оксфорд университетінің зерттеушісі Наталья Баркалинаның айтуынша, бос конверт тәрізді нанобөлшектер жасу­ша­ның ішіне орналастырылады. Нано­бөл­шектер — шекарасы бар, қатты фазалы оқшау нысан, олардың көлемі 1-100 нанометр болады. Ғалымдар олар­ды кеміргіштердің ұрығына енгі­зу­дің амалын тапты. Ағзаға енген бөл­шектер спермамен әрдайым бірге бо­лып, мамандар солар арқылы қажет­ті ақпаратқа қол жеткізбек. Н.Баркалинаның айтуынша, еркек кеміргіштердің жы­ныстық жасушалары адамдікімен бірдей. Сол себепті келешекте бедеуліктің сирек кездесетін түрін тереңірек зерттеуге мүмкіндік туып отыр, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.