Полицейлер оны рентген аппаратымен тексерген. Рентген нәтижесі 26 жастағы келіншектің ағзасында бөтен заттың барын анықтап берді, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Дәрігерлер күдіктінің тік ішегінен екі полиэтилен пакет алып шықты. Ондағы героинның жалпы салмағы 42 грамм.
Тергеу барысында белгілі болғандай, келіншек есірткіні Мақтаарал ауданы тұрғынының өтінішімен Тәжікстаннан сатып алған. «Тапсырыс беруші» оған бұл қызметі үшін 50 мың теңге төлеуге уәде етіпті.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін хабарланғандай, осыдан бірнеше күн бұрын жүктілігіне қарамастан есірткі тасымалдаған 18 жастағы келіншек құрықталған болатын.