Көкшетауда құрамында есірткі бар дәрілер еркін сатылып келген - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда құрамында есірткі бар дәрілер еркін сатылып келген

Көкшетауда құрамында есірткі бар дәрілер еркін сатылып келген

Көкшетауда құрамында есірткісі бар дәрілер оңды-солды еркін сатылып келген. Бұл препараттарды саудалаған фармацепттердің кесірінен енді бірнеше дәріхана лицензиясынан айырылуы мүмкін.

  • 20 Қараша 2013
  • 267
Фото - Caravan.kz

Ақшаға құныққан дәріханалар құрамында кодеині бар таблеткаларды дәрігер нұсқаулығынсыз, тіпті клиенттің жасына да қарамай сатыпты. Нашақорлар мұндай мүмкіндікті жібермейді екен, ал есірткі іздеп есіргендер үшін бұл арзан тауар дейді полицейлер. Бейберекет сатылуына тыйым салынған мұндай препараттар нұсқаулықпен ғана берілуі тиіс. Алайда таблеткалар жерлігікті нашақорлардың қолына оңай түскен.


Бірінші рет алып тұрғам жоқ, бұл препараттарды үнемі осы дәріханадан сатып алам. Бірақ менен eшқашан нұсқаулық сұраған емес ешкім.