Естеріңзге салсақ, Мұхтар Әблязов қазір Франция абақтысында отыр. Адвокаттары экс-банкирді экстрадицияламауды сұрап тағы арыздануда. Қашқын олигархты Қазақстан, Ресей мен Украина сынды үш мемлекет өздеріне қайтаруды сұрағанын айта кетейік. Ресми Кивтің арызын сот желтоқсанның 5-інде қарайды. Мәдина Әблязова болса дәл осы процесті болдырмауға барын салып жатыр. Сірә өзі де бұрын сотты болған Украина президенті әкесінің жағдайын түсінер деп ойласа керек. Тіпті Януковичке талап та қойыпты. Банкирді Қазақстанға қайтарса, Киевтің Еуроодақпен арадағы қатынасы бұзылуы мүмкін делінген хатында. Бірақ Украина тарапы әлі жауап қатқан жоқ.