Павлодар облысы Кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталығының директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысы Кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталығының директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Павлодар облысы Кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталығының директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік «Кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталығы» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс қозғады.

  • 20 Қараша 2013
  • 1405
Фото - Caravan.kz


Қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, қылмыстық іс ҚР ҚК 311-бабы 4-бөлімінің «а»-тармағы («Пара алу» бойынша қозғалды. Тергеу нұсқасы бойынша, 11 қарашада директор өзінің орынбасары және бас бухгалтерімен бірге басқа компания — «Geeker PRO» ЖШС директорынан «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сервистік қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасасуға 250 мың теңге сомасында параның бір бөлігін алған.