Екі бірдей іс, қараған бір судья, ал шешімі әртүрлі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі бірдей іс, қараған бір судья, ал шешімі әртүрлі

Екі бірдей іс, қараған бір судья, ал шешімі әртүрлі

Алматы облысының Балқаш ауданында жер заңдылығын сақтауға қатысты прокурорлық тексеру жүргізу кезінде көптеген заңбұзушылық фактілері анықталды.

  • 20 Қараша 2013
  • 353
Фото - Caravan.kz

Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, Қараой орман шаруашылығының аумағында екі кәсіпкер ешқандай рұқсат қағазсыз су қорғау аумағында туристік бизнесті дамытамыз деген желеумен ағаштан екіқабатты коттедж тұрғызып қойған. Treffpunkt фирмасына тиесілі «У Эвальда» қонақ үй кешенінің кәріздік жүйесі де жоқ, моншадан аққан су тікелей Нарынға төгіліп отырған. «Сәбит-Мирас» шаруа қожалығының мәдени сауықтыру кешені де дәл осындай жағдайда жұмыс істеген.

Екі кешен бойынша «Заңсыз құрылыс жүргізу» бабы бойынша әкімшілік істер қозғалды. Екі істі де бір судья, яғни Балқаш ауданының судьясы Бекболат Меркібаев қарады. «Treffpunkt» ЖШС директоры Эваль Блохқа қатысты шығарған шешімі еріксіз езуге күлкі үйіртеді. Оған бар-жоғы 26 мың теңге көлемінде айыппұл салыныпты. Ал заңсыз салынған құрылыс сол қалпында, сол орнында қалды. Ал «Сәбит-Мирас» шаруа қожалығының басшысына соттың «бүйрегі бұрылмаған» секілді. Оған 86 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал оның құрылысын сот сүріп тастау керек деп шешті.


«Treffpunkt» ЖШС директорына қатысты прокуратура тарапынан одан жоғары инстанцияға шағым жасалды. Нәтижесінде «Treffpunkt» ЖШС-нің құрылыстары да сүрілетін болды.