Ал Лиссабондағы бәсекеде Португалияға 1:0 есебімен жол берген Швеция — жанкүйерлері алдында жерге қарады. Алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. Есесіне үзілістен кейін Криштиану Роналду жылдам ұйымдастырылған қарымта шабуылда көзге түсті. Көп ұзамай Златан Ибрагимович дубль авторы атанды. Алғашында бұрыштамадан көзге түскен ол айып добын да шебер орындаған. Алайда қалған уақытта Криштиану Роналду хет-трик жасап Португалияны әлем чемпионатына алып шықты.
Шайбалы хоккейден Құрлықтық лиганың тұрақты чемпионатында “Барыс” сырт айдында чехияның “Лев” командасынан басым түсті.
Кездесуді ширақ бастаған астаналықтар алғашқы кезеңнің соңғы минутында Талғат Жайлауовтың көмегімен есеп ашты. Үзілістен кейін айдын иелері таразы басын теңестіргенімен “Барыс” шабуылшысы Роман Старченко таблодағы есепті 1:1 ге жеткізді. Дегенмен табандылық танытқан “Лев” соңғы сәтте есепті теңестіріп, кездесуді овертаймға жеткізді. Қосымша уақытта мергендік танытқан Талғат Жайлауов өз командасына жеңіс сыйлады. Қортынды есеп 3:2.
Өскеменде Дзюдодан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Ел біріншілігіне құрамамыздың бірнеше белді палуандары қатыса алмады. Оған қарамастан әр салмақтағы бәсекелер тартысқа толы болды.
Ерлер және әйелдер жеті салмақ дәрежесінде белдесті. Әйелдер арасында 48 келіде Айгүл Байқұлова, 52 келіде Олеся Куценко, 57 де Назгүл Құбашева сынды спортшылар өз салмақтарында үздік атанды. Ерлер арасында Ғабит Есімбетов, Жансай Смағұлов, Дастан Ықыбаев, Әзиз Қалмақанұлы, Тимур Болат, Максим Раков, Ержан Шынкеев сынды майталмандар топ жарды. Жалпы командалық есепте 3 алтын 5 қола медаль олжалаған Шығыс Қазақстан палуандары бірінші орын иеленді. 3 алтын 4 қола еншілеген Қарағанды облысы екінші орынға жайғасса, 2 алтын, 2 күміс және 5 қола медальмен Алматы қаласының палуандары үштікті түйіндеді.
7-қысқы Азия ойындарының жеңімпазы Денис Тен Италиядағы дәстүрлі жарыс «Мерано Кап» додасының бас бәйгесін иеленді. Осы турнирде 231,12 балл жинаған жерлесіміз Қытайда өткен Гран-придегі нәтижесінен асып түсті.
«Мерано Каптың» күміс жүлдесі жапониялық Дайсуке Муракамиге бұйырса, қола медаль италиялық Паоло Баччинидің есебінде. Осы жеңістен кейін еншісіне 250 ұпай жазған Денис Тен, Халықаралық конькишілер одағының рейтингінде бесінші орынға көтерілді. Сочи олимпиадасы қарсаңында беткұстар шеберіміздің демалуға да мұршасы жоқ. Италиядан Аустрияға бет алған Денис, алдағы күндері «IceChallenge» турнирінде өнер көрсетеді.