Қарағандыдағы ұшақ апатына айыпты саналған Ресейлік зауыт кінәсін мойындамауда - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыдағы ұшақ апатына айыпты саналған Ресейлік зауыт кінәсін мойындамауда

Қарағандыдағы ұшақ апатына айыпты саналған Ресейлік зауыт кінәсін мойындамауда

Қарағанды облысындағы МИГ 31 ұшағының апатқа ұшырауына Ресейлік зауытты кінәләу орынсыз. Бүгін осылай деп мәлімдеген Ржев Әуе жөндеу зауытының басшылығы сараптама қорытындысын жария еткендердің пікірімен келіспейтінін айтты.

  • 22 Қараша 2013
  • 302
Фото - Caravan.kz


Директордың пікірінше, әуе кемесі апатқа ұшыраған соң қолға алынған тексеру жұмыстарына Ресейлік сарапшылар кірмей қалған. Бұл оқиғаның себеп-салдарын анықтауға байланысты жасалатын келісім-шартқа кереғар екен. Ресей тарапы енді сараптаманы қайта жүргізуді талап етпек. Естеріңізге салсақ, Қарағанды облысында сәуірдің 24-күні оқу-жаттығу өткізіп жүрген МИГ 31 ұшағы апатқа ұшыраған-ды. Оқыс оқиғадан экипаж командирі қаза тауып, штурман жарақат алған. Ал апат себептерін тексерген комиссия ұшақтың құлауына Ржев зауытың салғырт жүргізілген жөндеу жұмыстары себеп деген қорытынды шығарған болатын.