Байқоңырдағы апаттан келген шығын мөлшері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдағы апаттан келген шығын мөлшері анықталды

Байқоңырдағы апаттан келген шығын мөлшері анықталды

Қызылорда облысына құлаған Протон зымыранынан келген шығын 14 млд теңге! Бүгін Қоршаған ортаны қорғау министрлігі залал мөлшерін араға жарты салып ақыры мәлімдеді.

  • 23 Қараша 2013
  • 349
Фото - Caravan.kz


Дегенмен Ресей қыруар қаржыны төлей ме, жоқ па беймәлім. Өйткені бұған дейін  көршілеріміз «Протон» жалға алған аумаққа құлады деп тосын мінез танытқан. Бір белгілісі дипломатиялық жолмен жөнелтілген құжаттың орындалуына  «Қазғарыш» Агенттігі мен еліміздің Сыртқы істер министрлігі жауапты. Табиғатқа келтірілген залал яғни 14 млд теңгені өндіріп алу солардың мойнында. Алайда «Роскосмос» басшылығы Астанадан жолданған құжатты туралы естіген де, көрген де жоқпыз деп отыр. Айта кетсек, 2 шілдеде Байқоңырдан ұшырылған "Протон-М" зымыраны 17 секундттан кейін құлап жермен -жексен болған еді. Сол кезде Қызылорда облысының аумағына 600 тонна улы гептил төгілген.