Дінге бет бұрған отбасы балаларын мектеп мен балабақшаға беруден бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дінге бет бұрған отбасы балаларын мектеп мен балабақшаға беруден бас тартты

Дінге бет бұрған отбасы балаларын мектеп мен балабақшаға беруден бас тартты

Атырау отбасында дінге түбегейлі бет бұрған отбасы 6 баласын мектеп пен балабақшаға беруден бас тартқан. Бұл жәйт жоспарлы тексеріс кезінде анықталып отыр.

  • 30 Қараша 2013
  • 343
Фото - Caravan.kz

Құлсарыдан Атырауға көшеміз деген отағасы жазда 4 баласын мектептен, 2 балабақшадан шығарып алыпты. Содан еш жерге бермей, үйінде ұстаған. Аудандық білім бөліміндегілер қанша үгіттегенімен, жат ағымның жетегінде жүрген ата-ана үзілді-кесілді бас тартып отыр. Ақыры іске полицияны араластыруға тура келді. Қазір алты бала да арнайы интернатта. Ата-аналарының ықпалымен еріксіз мектеп пен балабақшадан қалған бүлдіршіндермен психологтар жұмыс істеуде. Ал әке-шешесіне қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.


Оразбике Хамиева, психолог:

— Бұлар енді сөйлеген сөздері де іштегі балаларға қарағанда басқаша, жаңағыдай Аллах деп, бізге ата-аналарымыздың атын айтуға болмайды, біз намаз оқимыз, жаңағыдай өзіміздің ағымымызбен жүреміз деп айтады.