Қызылордадағы университетте докторлар мен профессорлар жұмыстан қуылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордадағы университетте докторлар мен профессорлар жұмыстан қуылуда

Қызылордадағы университетте докторлар мен профессорлар жұмыстан қуылуда

Қызылордадағы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетте жаппай ғылым докторлары мен профессорлар жұмыстан қуылуда. Бүгінгі күнге дейін 30-дан астам дардай ғылыми дәрежесі бар маманды басшылық керек қылмай, қызметтен босатқан. Қазір бұл іс сотқа дейін жетіпті. Ректор болса қуылған ұстаздардың орнын жуырда толықтыратынын айтты.

  • 30 Қараша 2013
  • 614
Фото - Caravan.kz

Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттегі қызмет бабы ұстаздар үшін “қайда барсаң Қорқыттың көрімен” тең деген қауесет қызыордалық қарашаның талқысына тым ерте түскен. Тіптен басшыға да қосшыға да жақпай ұстаздық ұжымнан қудаланып жатқандар негізінен ғылым кандидаттары, докторлар мен профессорлар деген ақпаратта ақиқатқа айналды. Аты дардай оқу ордасы үшін орынсыз бұл әрекеттерді барлығы университеттің қазіргі ректоры Қылышбай Бисеновтың атымен байланыстырады.

Ғұмырын ұстаздыққа арнап, жеме-жемге келгенде ректордың екпінімен ел кезіп кеткен мамандардың тең жарымы жұмған ауыздарын ашпауды жөн санаса, қалғандары басшыда кеткен еселерін қайтару үшін сот табалдырығын тоздырып жүр. Солардың бірі Гуля Қизатова. Ғылыми дәрежесі дардай болса да ректордан қысым көріп, кетуге мәжбүр болған. Осылайша 30 адам жұмысымен қош айтысыпты.

Гуля Қизатова, Филология ғылымдарының кандидаты:

2011-ші Мәжілістен келді, содан қудалау. Мүлдем жұмыс істетпеді. Арызды жазып кет десе кетер ем, ректор болса ауырып жатқанымды пайдаланып мен жоқ кезде жұмыстан шығарып жіберген.

Депутаттыққа кетпей тұрып та Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетті билеп-төстеген екен Бисенов. Жалпы ректорлық өтілі 12 жыл. Көңілі қалаған маманның қызметін өсірсе, бетіне келгендерді өшіріп отырған дейді ұстаздар. Ал басы дауға қалған ректор барлығы студенттер санының азаюынан деп салды, амалсыз докторы, профессоры бар барлығын жұмыссыз жөніне жіберуге мәжбүр екен.


Қылышбай Бисенов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры:

Студенттердің саны 2011-2012 оқу жылымен салыстырғанда 1,7 есеге азайған. Оқытушылардың саны 1,5 есеге азайған. ҚР білім заңына сәйкес әр оқу жылында студенттердің контигентіне санына сәйес оқытушылардың саны да анықталады.

Студент жетпей дегені бос сылтау дейді профессор Ермахан Нұрахметов. Уақытында қарулы ректормен қатар қызметте болған ол тіптен басшының сөзі университетте жазылмаған жарғымен тең екенін айтады.  Мәжілісте депутат боп жүргенде де Қылышбай Бисенов Қызылорданың басты білім ордасын билеп-төстеп отырған көрінеді.

Ермахан Нұрахметов, Филология ғылымдарының докторы:

— Бұл кісі депутат болып жүріп, депутаттың сабақ беруге правасы бар, сабақ берсе. Ал бұл кісі сабақ берген жоқ. Сабақ беретін уақыты да болған жоқ. Келеді оны қолпаштайды, қолпаш-қолпашпен кетеді. Бірақ ведомостқа, журналға сабақ өтті деп жазғызған. 

Ректорды сынап абырой таппаған Гуля Қизатова енді Қылышбай Бисеновке сот шешімі арқылы моральдық шығын өтеп беруге міндеттелді. Сынды көтере алмаған басшы оны сотқа берген екен. Басшыға қарсы шыққан басқалары келесі құрық кімге тиер деп қуыстанып жүр бүгінде.