«Окупай-Педофиляй» ұйымының жетекшісіне үкім шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Окупай-Педофиляй» ұйымының жетекшісіне үкім шықты

«Окупай-Педофиляй» ұйымының жетекшісіне үкім шықты

Балаға құмар еркектерді өз бетінше әшкерелеп жүрген «Окупай-Педофиляй» ұйымы ақыры ыдырап тынды. Топ жетекшісі Роман Матвиенко жалған күресті желеу етіп, ақша бопсалағаны үшін бүгін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

  • 30 Қараша 2013
  • 376
Фото - Caravan.kz


Ал оның екі сыбайласы 3,5 жылға темір торға жабылды. Топ құрамында кәмелетке толмаған қыз да жүріпті. Сот оның жасын ескеріп, қатаң ескертумен сот залынан босатты. Педофилдерді пәтерге алдап шақырып, соңынан ұрып-соққан бұл ұйым шын мәнісінде ақша бопсалаумен айналысқан. Күрескерсымақтардың үстінен 5 жәбірленуші арызданыпты. Бірақ судья пәтерге балалармен төсек қатынасына түсу үшін келген осы еркектерге өкінішке орай жаза қолдана алмаймыз деп отыр. Өйткені оларға қатысты ешкім арызданбаған.