Астанада әскери бөлімде жарылыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада әскери бөлімде жарылыс болды

Астанада әскери бөлімде жарылыс болды

Астанада әскери бөлімнің күлі көкке ұша жаздады. Жойқын жарылыстың соңы алапат өртке ұласқан. Оқиғаны куәгерлер ұялы телефонға түсіріп үлгеріпті.

  • 30 Қараша 2013
  • 435
Фото - Caravan.kz


Мына кадрлерде 68 /665 әскери десанттық-шабуылдау бөлімі отқа оранып жатыр. Белгілі болғандай жарылыс жылу қазандығында орын алған. Соңы алапат өртке ұласыпты. Құдай сақтап әскерилер зардап шеккен жоқ. Бірақ әл бермеген қызыл жалын маңайдағы тұрғын үйлерге таралған. Содан құтқарушылар жүздеген адамды шұғыл қауіпсіз жерге көшіруге мәжбүр болды. Қазір төтенше оқиғаның себеп салдары анықталып жатыр.