Сырым Бөкейхановтың жерлеу рәсімі 2 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында өтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Сырым Бөкейхановтың жерлеу рәсімі 2 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында өтпек

Сырым Бөкейхановтың жерлеу рәсімі 2 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында өтпек

29 қарашада танымал ғалым, жазушы, ұстаз, «Алашорда» көшбасшысы - Әлихан Бөкейхановтың немере інісі Сырым Бөкейханов көз жұмды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне оның туысы Қырым Алтынбеков хабарлады.

  • 1 Желтоқсан 2013
  • 625
Фото - Caravan.kz


Ғалым ауыр дерттен қайтыс болды. Оның жерлеу рәсімі 2 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында өтпек.

Сырым Бөкейханов 1938 жылы 1 маусымда Алматы қаласында туған. Ленинград құрылыс-инженерлік институтының түлегі. 1970 жылы Мәскеу инженерлік институтында кандидаттық диссертация қорғаған. КСРО Ғылым академиясының лазерлік жүйелер механикасы лабораториясының жетекшісі, кейін Алматы лазерлік технологиялар жөніндегі инженерлік орталық жетекшісі қызметін атқарды. Алматы және Мәскеу қалаларының ғылыми мекемелерінде, жоғары оқу орындарында қызмет атқарған. Сырым Бөкейханов Алаш қайраткері Ә.Бөкейхановтың немере інісі ғана емес, ол  нағыз қазақ зиялысы, танымал ғалым, қоғам қайраткері, ақын. Ол  қолданбалы механика саласындағы ғылыми мақалалардың, «Между прошлым и будущим», «Адмиралтейства виден шпиль», «Улицы нашего детства», «Нельзя о прошлым забывать», «Оглядываясь на Фудзи», «Избранные стихи и рисунки», «Өткен күнде белгі бар», «Лабиринты души», «Лиловый квадрат», «Мой город другим не заменить», «Опус о любви или размышления дилетанта», «Город мой Алматы», «Имена наших улиц от А до Я», «Алихан», «Шәкәрім», «Дорогие мои алматинцы»  және т.б. кітаптардың авторы.