Мақтаарал ауданындағы ауылдық мектептің 11-ші сыныбында оқитын қос құрбының арасындағы жанжалға «агент» себеп болыпты. Сабақ үстінде агент арқылы сөйлескен қыздар бір-бірін сөзбен қағытқан. Соңында балағаттауға кірісіпті. Ақылдары осыған жеткен бойжеткендер ақыры жұдырықтасуды жөн көрген. Шаштарын жұлып, беттерін тырнаған оларды төбелесқұмар қыздардың бірінің сіңілісі ұялы телефонға түсіріп алыпты. Бірге оқитын қос құрбы ақыры бір-біріне жеңіл жарақат салып тынышталған. Кейін тараптардың татуласуына байланысты іс ың-шыңсыз жабылған екен.