Нұрсұлтан Назарбаев қызметтік көлігін таксиге ауыстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев қызметтік көлігін  таксиге ауыстырды

Нұрсұлтан Назарбаев қызметтік көлігін таксиге ауыстырды

Нұрсұлтан Назарбаев қызметтік көлігін бір сәт  таксиге ауыстырды. Тіпті  ұнағаны соншалық, жарты қаланы шарлап шықты. Тосын жәйт Елбасының  оққағарларын әбден састырды. Ал  мұндай мүмкіндік Нұрсұлтан Назарбаевқа «Тұңғыш президент» күнінде туды. Мемлекеттік мәртебеге ие болған мереке биыл осымен екінші жыл қатарынан жер-жерде әлі тойланып жатыр. Ал 1-ші желтоқсанда Елордада бірнеше нысан іске қосылды

  • 3 Желтоқсан 2013
  • 302
Фото - Caravan.kz

1-ші желтоқсанда Арқа төсіне борандатып жауған қар мерекеге түк  әсер еткен жоқ. Ал мемлекеттік деңгейдегі салтанатты шара Ақордада Президенттің байрағын көтерумен басталды. Сөйтіп әнұранның әуенімен ту тұғырына көтерілді. Соңы әскери шеруге ұласты.

Ал «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне қарамастан тұңғыш президент жұмыс бабында болды, дамыл таппады. Елордада экологияға зияны аз, газбен жүретін таксопарктің ашылу салтанатына қатысты. Таксиден бөлек мұнда жолаушы таситын автобустары да бар екен.

—  Нұрсұлтан Әбішұлы , автобусты көрейік.

—  Бұл электрондықбилет беруге.Құрылғысын кейін қоямыз.

Орындыққа жайғасқан мәртебелі жолаушыға франциялық инвесторлар жобасының мақтауын асырып жатыр. Ал автобустан түскен соң мемлекет басшысы күтпеген жерден Қостанайда құрастырылған  «экотаксиге» мінуге шешім қабылдады. Әрине, рөлге отырған жоқ. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаевтың тосын әрекеті оққағарларын әбден састырды. Аяқ-асты жанталасқан президент күзеті жолға шыққан машинаны басқасын айтпағанда, қос бүйірден қырағы бақылауға алды. Бұл Елбасы ретінде  Назарбаевтың алғаш рет таксиге отыруы. Ұнаған болуы керек, тіпті кезекті нысанға осы көлікпен жетті.

— Міне,  мен алғашқы «Экотаксимен» келдім. Газбен жұмыс істейді.

Қызметтік көлікті бір сәтке ұмыттырып таксимен жеткен жер – Астанадағы жаңа «Назарбаев орталығы». Орталық тәуелсіз мемлекеттің құрылуы мен қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан Елбасының өмірі, еңбек жолын өскелең ұрпаққа дәріптейді. Мұнда мемлекет басшысының қиын-қыстау кезеңде қабылдаған тарихи жарлықтары да қойылған. Зәулім  ғимаратты асықпай аралап шыққан мемлекет басшысы «Тұңғыш президент» күнінің елдік мерекеге айналатынына сенім білдірді.


 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

—  Тұңғыш президенттіңпрезидент күнін атап өту тек біздіңғана дәстүріміз емес, басқа елдерде де бар. Америкада Еуропа, Шығыс елдерінде бар. Енді Парламенттің пәрменімен осындай қаулы қабылданып мемлекеттік мерекеге айналды. Халқымыз оны атап жатыр.

Атап өтуге барлық жағдай жасалды. Оның үстіне мемлекетік  мекемелер үшін бүгін  демалыс. Сондықтан ресми іс шараларды өткізіп болған Есілдің сол жағалауы тынышталып қалған. Тек Ақорданың маңайында қар тазалаушы техникалар жүр. Ал ертең осы жалтыраған жолдармен  Елбасы кортежі мен   басқада шенеуніктердің  көліктері  жүріп өтеді. Яғни мейрамнан соң  қайта жұмысқа  кірісуі тиіс.