Бүгін олар қазақ тіліндегі SAP ERP шешімдерінің қазақшалау жобасының аяқталғанын жариялады. Тәуелсіздік тойына тарту болып отырған бұл жұмысты олар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп жүзеге асырған.
«SAP 2011 жылы бізге терминдерді реттеу саласында көмектесуді сұраған болатын. Біз бұл ұсынысты қуана қабылдап, 2 жыл бойы бірлесіп жұмыс жасадық. Оған білікті мамандарды тартып, аударылған терминдерді ономастика комиссияның сараптамасынан өткіздік», — дейді Министрліктің Тіл комитетінің талдау және мониторинг басқармасының басшысы Гүлбадан Тәуел. SAP компаниясының Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқарушы директоры Максим Ламсковтың сөзіне қарағанда, дүниежүзінің 120 елінде кеңсесі бар олардың өнімдерін компаниялардың 85 пайызы тұтынады. Ал жіберілетін сәлемдерін 50 пайызы олардың басқару шешімдері арқылы өзінің діттеген жеріне жетуде.
«Компанияның 6 елде өз зертханалары бар. Оның ең ірісі Германия, Израиль, АҚШ-та орналасқан. Енді оның жаңартылған шешімдерін тұтынушылар қазақ тілінде тегін жүктей алады. Ол үшін қосымша шығынды қажет етпейді. Біз оны халықаралық стандарттар бойынша жүзеге асырып жатырмыз. Мәселен клиенттеріміз қараша айында персоналдарды басқаруға қатысты шешімдерге қол жеткізді», — дейді компанияның Қазақстандағы өнімдерді оқшаулар менеджері Берік Тұяқбаев.