Жамбыл облысының мектептерінде Қазақстан халықтарының жеті тілі оқытылады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысының мектептерінде Қазақстан халықтарының жеті тілі оқытылады

Жамбыл облысының мектептерінде Қазақстан халықтарының жеті тілі оқытылады

Қазақстан халықтарының тілі күні туған тілдің оқытушыларына құрмет көрсетілді, деп хабарлады облыстық достық үйінде.

  • 23 Қыркүйек 2014
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Облысымызда осы күні көптеген тілдерде сабақ беріледі. Ол Жамбыл облысында тұратын ұлт өкілдерінің туған тілдері — қазақ, орыс, дүңген, өзбек, кәріс, түрік және ұйғыр тілдері», — деді Достық үйінің әдістемелік бөлімінің жетекшісі Сәуле Құрманқұлова.

Қалалық Мәдениет үйінде тіл мамандары — оқытушыларға Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Шараға қатысушылар туған тілде өлеңдер оқып, вокалдық шығармаларды орындады.

Достық үйінде хабарлағандай, Қазақстан халықтарының тілдері күнін тойлауға дайындық барысында өңірде бірқатар шаралар өтті.

«Біз өзге ұлт өкілдерінің этнобірлестіктерінің 14 пен 22 жас аралығындағы жастары арасында мемлекеттік тілде эссе байқауын өткіздік. Байқауға қатысқан 22 адамның ішінде «Қазақстан халқының Ассамблеясы — ынтымағы жарасқан бақытты отбасы» тақырыбында дарынды қыздарға арналған «Айша бибі» қазақ-түрік мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы, қарашай-балқар этнобірлестігінің өкілі Зарема Миссированың жұмысы үздік деп танылды», — деді С.Құрманқұлова.

Бүгінде Жамбыл облысында 87 этнос өкілдері тұрады, 25 этноұйым бар. Қазақстан халықтарының тілі күні елде 1986 жылдан бері аталып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан мектептерінде қазақ тілінен өзге, осы елде тұратын 10-нан астам халықтардың тілдері оқытылады.

null