деп мәлімдеді Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз қызметінің жетекшісі Гульноза Рахимова,ол атап өткендей, күдікті ұйымдасқан қылмыс топ мүшелерінің басым бөлігіне қатысты материалдар сотқа жіберілген.
"Жекелеген тұлғаларға қатысты (оның ішінде Г.Кәрімова) материалдар жеке өндіріске шығарылған. Қажетті куәгерлік материалдар мен басқа да дәлелдеуші база жинақталуда", деді ол "Интерфакстің" сауалына жауап берген кезінде.
Алдында хабарланғандай, басқа құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып Н.Содиков, Р.Мадумаров, Г.Авакьян құрған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізілген болатын.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне 2011-2013 жылдары кәсіпкерлікті желеу етіп, бопсалау, құжаттарды бұрмалау арқылы шаруашылық қызметінде жүйелі негізде қылмыс жасап, мемлекетке елеулі мөлшерде залал келтірген, деген күдік келтіріліп отыр.
Ол сондай-ақ Г.Кәрімованың кәмелетке толмаған қызы Иман туралы кейбір БАҚ-да жарық көрген, яғни анасымен оқшауланған екен, құрдастарымен араласа алмайды, оқуын жалғастыра алмады деген ақпаратта жоққа шығарды. "Иман Кәрімованың тергеліп отырған қылмыстық істерге қатысы жоқ. Биыл 16 жасқа толды, ол қалаған жеріне шыға алады.Құрама Штаттарда туылғандықтан, ол АҚШ азаматтығын ала алады", деді ол.

