Бұл туралы дүйсенбі күні америкалық ресми тұлғаларға сілтеме жасап Associated Press агенттігі хабарлады.
Пентагонның ресми өкілі контр-адмирал Джон Кирби, «АҚШ және оның серіктес-мемлекеттері Сириядағы «ИМ» тобына қарсы әскери істерінде түрлі жою құралдарын, бомбалаушы ұшақтар мен "Томагавк" зымырандарын пайдаланып жатқанын» мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, бұл туралы шешімді дүйсенбі күні АҚШ ӘҚ Орталық қолбасшылығы ел президенті берген өкілеттілікке сәйкес қабылдаған.