«Союз ТМА-14М» кемесі Гагарин ұшыру алаңына орнатылды - Байқоңыр - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Союз ТМА-14М» кемесі Гагарин ұшыру алаңына орнатылды - Байқоңыр

«Союз ТМА-14М» кемесі Гагарин ұшыру алаңына орнатылды - Байқоңыр

Бүгін таңертең ғарыш мақсатындағы «Союз-ФГ» зымыраны «Союз ТМА-14М» кемесімен жинақтау-сынау корпусы 112 алаңынан шығарылып, Байқоңыр ғарыш айлағының 1 алаңына (Гагарин ұшыру алаңы) шығарылды.  

  • 23 Қыркүйек 2014
  • 601
Фото - Caravan.kz

Ресей ғарыш мекемесі баспасөз қызметінің ақпаратынша, ғарыш мақсатындағы «Союз-ФГ» зымыранын орнату жұмыстары аяқталған соң Ресей зымырандық-ғарыштық кәсіпорнының мамандары алғашқы ұшыру бағдарламасы бойынша жұмыстарына кіріседі.    

Ертең, 24 қыркүйекте мемлекеттік комиссияның отырысы өтуі тиіс.  Ол ғарышкерлер мен астронавттарды дайындау нәтижелері бойынша Халықаралық ғарыш стансасына ұшатын 41/42 экспедициясының негізгі экипажын бекітеді.   

«Союз-ФГ» ғарыш мақсатындағы зымыранымен «Союз ТМА-14М» кемесін 26 қыркүйекте Мәскеу уақытымен сағат 00:25 ұшыру көзделген.  


Союз ТМА-14М Союз ТМА-14М