Суицид саны жағынан Қазақстан әлем бойынша тоғызыншы орында тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Суицид саны жағынан Қазақстан әлем бойынша тоғызыншы орында тұр

Суицид саны жағынан Қазақстан әлем бойынша тоғызыншы орында тұр

Қазақстан мен Түркия жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Бұл туралы бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жанар Буканова  мәлім етті.

  • 23 Қыркүйек 2014
  • 2224
Фото - Caravan.kz

Орталық басшысының айтуынша, өз-өзіне қол жұмсау салдарынан болатын «өмір жасының жоғалту ықтималдығы» әлемдік көрсеткішінен де Қазақстан жоғары орында тұр.

«Жалпы, мемлекеттер арасында жаһандық зерттеу бойынша мерзімінен бұрын қайтыс болу не болмаса «өмір жасының жоғалту ықтималдығы» аталатын индикаторларды есепке алу барысындағы көрсеткіштер де алаңдатпай қоймайды. Шетел сарапшыларының айтуына қарағанда, Қазақстан бүгінгі таңда өз-өзіне қол жұмсау салдарынан «өмір жасын жоғалту ықтималдығы»  жағынан әлемде ең жоғары көрсеткішті иеленіп отыр. Өкінішке қарай, 15-19 жастар аралығындағы «өмір жасының жоғалту ықтималдығы» тобына жататындардың жалпы санының 12,2 пайызына дейін өз-өзіне қол жұмсаулар құрайды», — дейді  Ж.Буканова.

Оның айтуынша, Қазақстанда жүректің ишемиялық ауруынан «өмір жасын жоғалту» деңгейі 11,2 пайызды құраса, жол апаттарынан алынған жарақаттардан — 8,5 пайызды, инсульт — 4,4 пайызды құрайды.

Отандық үкіметтік емес ұйымдар өкілдері соңғы жылдары Қазақстандағы жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу фактілерінің көбейіп кетуіне алаңдаушылық білдіріп отыр.

«Шетелдік сарапшылардың мәліметінше, бүгінде Қазақстан әлемдегі өз-өзіне қол салу деңгейі жоғары елдер қатарында. Өзін-өзі өлтіру 15 пен 49 жас аралығындағы топ арасындағы жалпы өлім-жітімнің 12,2 пайызын құрайды», — деп сейсенбі күні Мәжілістің мәдени-әлеуметтік даму жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директоры Жанар Бұқанова мәлім етті.

«Салыстырып қарар болсақ, жалпы өлім-жітімнің 11,2 пайызы жүрек ауруынан, 8,5 пайызы жол апатынан, 4,4 пайызы инсульттен болған», — деп қосты ол.

Ж.Бұқанованың айтуынша, Қазақстанда 15 пен 19 жас аралығындағы 31 мыңнан астам жасөспірім өз еркімен өмірден кеткен.

«Өз-өзіне қол салған 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдер саны жағынан «озып» тұрған қос мемлекеттің бірі Қазақстан, екіншісі Түркия», — деп атап өтті ол.

ДДСҰ мәліметінше, Қазақстан суицид жиілігі 100 мың адамға кемінде 15 оқиғадан келетін елдер қатарында. «Қазақстан әлемдегі суицид көп жасалатын жиырма елдің қатарында және осы тізімді оныншы орын иеленеді», — деп түсіндірді орталық директоры.


Астанада өзіне-өзі қол жұмсауға бейім балаларға консультативтік және психологиялық көмек көрсететін жедел топ құрылды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық мәслихатының 40-сессиясында қалалық білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева айтты.

«Бүгінде елордадағы суицидтік ахуалдың алдын алу үшін ведомствоаралық қарым-қатынастардың жүйелі жоспарлары бекітілді. Сол жоспар бойынша тәжірибелі психологтар мен дәрігер-психиатрлардан топ құрылып, олар суицид орын алған білім беру мекемелерінің ұстаздар ұжымына, балаларға, жалпы, суицидке бейімі бар, психологиялық жағынан тұрақсыз жасөспірімдерге консультативтік және психологиялық көмек көрсетуде», — деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, студенттер арасындағы құқықбұзушылықтар мен суицид оқиғаларының алдын алу мақсатында оқу жылының басынан бастап елорда колледждерінде 10-нан астам әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Олар жастардың бойындағы рухани-адамгершілік, патриоттық сезімдерді оятып, кез келген мәселені ақылмен шешуге болатынына көз жеткізуге бағытталған

«Бізде әрбір колледждің басшысы үлкен жауапкершілік арқалап жүр. Сондай-ақ, олардың орынбасарларымен де тұрақты түрде суицидтің алдын алу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп тұрады», — деп атап өтті білім басқармасының басшысы.

Оның айтуынша, бүгінде түрлі құқықбұзушылықтар, суицид пен ерте жүкті болып қалу мәселелері Астананың колледждерінде ғана емес, бірқатар жоғары оқу орындарында да белең алып тұр.