Атырауда тоңған тұрғындар пәтерлерін тастап кетіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда тоңған тұрғындар пәтерлерін тастап кетіп жатыр

Атырауда тоңған тұрғындар пәтерлерін тастап кетіп жатыр

Атырау тұрғындарының қысты суық пәтерде қарсы алатын түрі бар. Мұндағы Геолог ауылдық аймағына қарасты көп қабатты үйлердің иелері жергілікті биліктің назарынан тыс қалдық деп ренжулі. Салынғанына 60 жылға жуықтаған баспаналар қазір апатты жағдайға жеткен. Жарық та бірде бар, бірде жоқ. Ал ауыз суды да тыстан тасып ішеді.

  • 24 Қыркүйек 2014
  • 262
Фото - Caravan.kz

-Немерем бар 7 айлық. Ертең  немеремді өз шешемнің үйіне жіберем. Өйткені менде жылу жоқ. Мен өзім отырам құрысын не істеймін, қақаса да. Суды даладан аламыз, ол қатып қалады қыста, оны қыздырамыз.

Кезінде геолог мамандарға арналып салынған бұл үйлерде қазір 50-ге жуық отбасы амалдап өмір сүріп жатыр. Қақаған қыста үсіп қалмас үшін кейбір тұрғындар үйдің алдынан қосымша ғимарат салып, өз күшімен газ қазандығын орнатқан. Ал жоғарғы қабаттағылар электр тоғы арқылы жылытып отыр. Кейбірі тіпті, мұндағы үйлерін тастап, қала ішінен пәтер жалдап кеткен. Кілең өндірістік нысандардың арасында орналасқан үй тұрғындарының бармаған жері жоқ. Ал мәселемен танысқан әкім-қаралардың бәрі уәде ғана береді екен. Шенеуніктер енді тіпті бұлар пәтер иелері кооперативін құрып, өз мәселелерін өздері шешуі керек деп отыр.


Нұрлы Ысмағұлова, Атырау қаласының тұрғыны:

— 15 жыл болды осы жерде тұрғаныма. Мен пешпен отырмын. Пеш тығып қоям, сосын газ плитаны жағып қоям конфоркілерін. Басқа ештеңе істей алмаймын.