Өзбекстан президентінің қызы түрмеге жабылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан президентінің қызы  түрмеге жабылуы мүмкін

Өзбекстан президентінің қызы түрмеге жабылуы мүмкін

Гүлнар Кәрімованың қылмыстары ашық айтыла бастады. Өзбекстан прокуратурасы президенттің қызын жемқорлықпен айналысып, ұйымдасқан қылмыстық топтармен тығыз байланыста болған деп күдіктеніп отыр. Жергілікті тергеушілер қазір қылмыстық істі Интерполмен бірге тергеуде.

  • 24 Қыркүйек 2014
  • 527
Фото - Caravan.kz


Тергеу материалдарына қарағанда, Гүлнар Кәрімованың қатысы бар қылмыстық топ бірнеше белгілі адамдарды ұрлады және ел қазынасынан қыруар қаражат жымқырған. Дегенмен Гугушаның қазір қайда екенін және немен айналысып, қайтіп күн көріп жатқанын білу мүмкін емес. Президенттің ерке қызы бірінші боп әкесі, Ислам Кәрімовпен жаһанға жария қылып жанжалдасқан еді. Артынша ғаламторға өзінің үйқамаққа қамалғаны туралы жазып, кейін сол үшін туған анасымен сөзге келгені тағы бар. Бір жыл бұрын ғана Орталық Азиядағы ең ауқатты әйелдердің бірі болған Гүлнарды кейбіреулер Өзбекстанның ендігі президенті деп те тон пішкен. Ал ендігі жағдайы мынадай. Гүлнар Кәрімованың сенімді серіктері болған біраз саясаткерлер мен белді бизнесмендер жыл басында сотталып кеткен. Енді Өзбекстан прокуратурасы мен Интерполдың тергеуі оң нәтиже берсе, президент қызы да темір торға тоғытылуы мүмкін.