Жаңажолда мұнайшылардың улануына салақ аспазшы кінәлі деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңажолда мұнайшылардың улануына салақ аспазшы кінәлі деп танылды

Жаңажолда мұнайшылардың улануына салақ аспазшы кінәлі деп танылды

Салақ аспаз ақтөбелік мұнайшыларды да ауруханадан бір-ақ шығарған. Өткен аптада Жаңажол кен орнындағы 17 жұмысшы астан ұшынған болатын. Зерттеу нәтижелері бойынша осындағы аспаздардың өзі бактерия тасымалдаушы екені анықталды.

  • 24 Қыркүйек 2014
  • 279
Фото - Caravan.kz


Санитарлық – эпидемиологиялық тексерулер мен науқастарға сауалнама жүргізген облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті сальмонеллез бен ішек жұқпасының бірнеше себептерін айтып отыр. Асханада жұмыс істейтін аспаздар мен ыдыс жуушыларда осы науқас белгілері болған. Оған қоса, ыдыс-аяқ лас әрі дұрыс жуылмапты. Қазір "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясының асханасына қатысты іс экономикалық сотқа өтті.